Танысын зорлап өлтірген үш жігіт қолға түсті

Фотография - Танысын зорлап өлтірген үш жігіт қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысында өз танысын зорлап өлтірген үш күдікті қолға түсті

156 0

Оңтүстік Қазақстан облысында өз танысын зорлап өлтірген үш күдікті қолға түсті.

Марқұмның денесі облыстағы Жетісай қаласының маңынан табылған. Осыдан кейін тәртіп сақшылары басты күдіктілерді де құрықтады. Қолға түскен үш жігіттің екеуі базарда жұмыс істеген.

Тергеу барысында анық болғаны, екі күдікті қалада жүріп үшінші досын кездестіреді. Оның жанында танысы болған екен. Әңгіме барысында сол танысы өзімен бірге 30 мың теңге алып жүргендігін айтып қояды.

Күдіктілер алдымен жәбірленушіні алдап қала сыртына алып шыққан. Қалтасындағы ақшасын сілкіп алған үшеу мұнысымен қоймай танысын зорлап, артынша өлтірген екен.

Қазіргі таңда ұсталған азаматтарға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде - еп хабарлады baq.kz


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!