Алматы облысында 3 жігіт қап толы қарасорамен ұсталды

Фотография - Алматы облысында 3 жігіт қап толы қарасорамен ұсталды

Жол сақшылары Алматы облысының тауларында өсетін жабайы қарасораны әзірлеумен айналысқан үш жігітті құрықтады

140 0

Жол сақшылары Алматы облысының тауларында өсетін жабайы қарасораны әзірлеумен айналысқан үш жігітті құрықтады.

«Алматы-Көкпек-Көктал» жолының 162-ші шақырымында кезекшілік еткен жол полициясының жасағы тау маңында ешбір көліксіз жүрген 3 жігітті байқап қалады. Олардың қолдарында үлкен қап болған.

Көкпек шатқалында тәртіп сақшыларына кезіккен Шелек ауылының тұрғындары елді мекеннен шалғай жерде не үшін жүргендерін түсіндіре алмады. Кейін жігіттер тауда қарасораны жинайтындарын мойындады. Салмағы 15 келіне құрайтын қапқа өзіндік иісі бар, жасыл түсті өсімдік салынғаны анықталды.

Қазіргі таңда күдіктілерден Еңбекшіқазақ АІІБ полицияның Шелек бөлімі тергеушілері жауап алуда. Ал тәркіленген зат сараптамаға жөнелтілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!