Үш адамның өліміне себепкер болған жүргізуші 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Фотография - Үш адамның өліміне себепкер болған жүргізуші 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Орал қалалық соты биылғы 6 мамырда Жәңгір хан көшесі бойында орын алған жол апаты кезінде үш бірдей адамның өліміне себепкер болған жүргізушіге қатысты үкім шығарды

187 0

Орал қалалық соты биылғы 6 мамырда Жәңгір хан көшесі бойында орын алған жол апаты кезінде үш бірдей адамның өліміне себепкер болған жүргізушіге қатысты үкім шығарды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен Гүлмира Кенжеғалиеваның хабарлағанындай, аталмыш жүргізуші мас күйінде «Ауди-6» автокөлігімен жол ережесін өрескел бұзып, қатты жылдамдықпен қарсы жол бетіне шығып кетіп, «Лада Приорамен» соқтығысқан болатын. Соның салдарынан «Лада Приора» өз бағытынан ауытқып барып, Daewoo маркалы автобуспен түйісті. Ақырында «Лада Приораның» жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Мас жүргізуші болса, оқиға орнынан сытылып кетуге тырысты. Тергеу барысында оның «Ауди-6» автокөлігін жүргізу құқығы жоқтығы анықталды.

Орал қалалық соты «Ауди-6» автокөлігінің жүргізушісін ҚР ҚК 296-бабы 3-бөлімі және 297-бабы бойынша айыпты деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін сотталушы жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!