Әкім орынбасарының ұлы 4 адамды қағып өлтірді

Фотография - Әкім орынбасарының ұлы 4 адамды қағып өлтірді

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мұратбай Жолдасбаевтың ұлы көлігімен 4 кісіні қағып, ажал құштырды

141 0

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мұратбай Жолдасбаевтың ұлы көлігімен 4 кісіні қағып, ажал құштырды, деп хабарлады ҚазАқпарат

31 жастағы Айбек Мұратбайұлы Алматы-Ташкент тас жолымен келе жатып, «Жигули» автокөлігімен соқтығысқан. Қайғылы оқиға орын алған жерде «Жигули» автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушы көз жұмған. Қазір, екі кісі ауруханада өмір үшін күресіп жатыр.

Ал, Айбек Жолдасбаевтың өзі дін-аман. Оның қан құрамын тексеру кезінде алкоголь және есірткі табылмаған.

«ВАЗ 2109 көлігінің жүргізушісі, ауылға кіре - беріс жолмен солға бұрылып кетуге әрекет жасаған. Тіке жолмен кетіп бара жатқан көлікті жібермей, автокөлікке соқтығысқан»,-деп жазылған Жамбыл облысы ІІД баспасөз мәлімдемесінде.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!