Астанада түнгі клубтан шыққан қыздарды зорлаған адам сотталды

Фотография - Астанада түнгі клубтан шыққан қыздарды зорлаған адам сотталды

 деп хабарлады қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

144 0

Астанада түнгі клубтан шыққан қыздарды зорлаған адам 8 жылға сотталды, деп хабарлады қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

1987 жылы туған туған Д. есімді азамат 2 айдың ішінде үш қызды зорлаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, Астана қалалық ІІД-нің уақытша қамау абақтысына отырғызылды.

Тергеу барысында барлық қылмыстардың бір сценарий бойынша жасалғаны анықталды. Қыз түнде мас күйінде түнгі клубтан шығып, бейтаныс жүргізушіден үйге апарып тастауды өтінген. Ал ол машинаға отырған қызды өлтірем деп қорқытып, өз көлігінде зорлаған. Одан кейін жеке заттарын алып кетіп отырған.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 120, 178 баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!