Тапсырыс бойынша кісі өлтірді деген күдіктілер ұсталды

Фотография - Тапсырыс бойынша кісі өлтірді деген күдіктілер ұсталды

 ОҚО Сайрам ауданының АІІБ жедел қызметкерлері 1985 және 1993 жылғы екі ер адамды ұстады. Олар Сайрам ауданының тұрғынын өлтірді деп күдіктенуде

379 0

 ОҚО Сайрам ауданының АІІБ жедел қызметкерлері 1985 және 1993 жылғы екі ер адамды ұстады. Олар Сайрам ауданының тұрғынын өлтірді деп күдіктенуде.

Тергеу барысында анықталғандай, аймақтың бір тұрғыны басқа адамға 100 мың теңге беріп, кісі өлтіруге «тапсырыс берген». Оқиғаға екі отбасы арасындағы араздық себеп болған. Бір отбасы екінші отбасымен жер үлесі үшін соттасып, кегін қанмен қайтармақшы болған.

Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК бірнеше бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Атап айтсақ, «Тапсырыспен кісі өлтіру», «Қару-жарақты, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау және алып жүру». Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!