Жол апаттарынан үш адам қаза тауып, сегізі жарақаттанды

Фотография - Жол апаттарынан үш адам қаза тауып, сегізі жарақаттанды

 Автокөлік апаттары Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында және Қапшағайға жақын жерде орын алды

219 0

 Автокөлік апаттары Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында және Қапшағайға жақын жерде орын алды.

«Алматы-Өскемен» автокөлік жолының 116-шы шақырымында «Мазда» автомашинасы алда жүріп келе жатқан «Тойота ленд Крузер» автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан «Мазда» салонында отырған жаңа туылған нәресте және екі жасар ұл бала қаза тапты. Ал жүргізушінің өзі және екі жолаушысы әр түрлі жарақаттармен Қапшағай ауруханасына жеткізілді.

Ұзынағаш ауылында «Фольксваген Пассат» және «Мазда» автокөліктерінің қақтығысуы кезінде 16 жастағы жасөспірім мерт болды. Тағы төрт адам, олардың арасында екі жасар бала да бар, жергілікті ауруханаға жатқызылды.

Алматы облысының полицейлері осы оқиғалар бойынша қажетті сараптамаларды тағайындап, тергеу жұмыстарын бастады - деп хабарлады ҚазАқпарат


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!