Ер адам банкті жарып жібермек болды

Фотография - Ер адам банкті жарып жібермек болды

Бүгін Жамбыл облысы ІІД Шұғыл басқару орталығына белгісіз ер адам банктердің бірін жарып жіберемін деп қорқытқаны туралы хабарлама түсті

192 0

Бүгін Жамбыл облысы ІІД Шұғыл басқару орталығына белгісіз ер адам банктердің бірін жарып жіберемін деп қорқытқаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлады baq.kz

Куәгердің сөзіне қарағанда, қара түсті киім киген, қолына спорттық сөмке ұстаған ер адам «Цесна Банкке» кіріп, ғимаратты жарып жіберемін деп айқайға басқан.

Оқиға орнына ІІД-мен бірге облыстық прокуратура, ТЖ, ҰҚКД қызметкерлері шұғыл жетті.

Қоған-лоқы жасаған адамның тұлғасы анықталды. Ол Жамбыл облысы Жаңатас қаласының 1974 жылы туған тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, тәртіп бұзушыдан ешқандай жарылғыш зат табылмады. Шамасы, ішімдікке сылқия тойып алған «жанкешті» бұл әрекетін қызық көрсе керек.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!