Ақмола облысында жан түршігерлік жайт орын алды

Фотография - Ақмола облысында жан түршігерлік жайт орын алды

 Ақмола облысында ер азамат әйелі мен екі қызын өлтіріп, артынша өзіне қол салды

166 0

 Ақмола облысында ер азамат әйелі мен екі қызын өлтіріп, артынша өзіне қол салды.

"3 тамыз күні Қорғалжын ауданы Арықты ауылының маңында "Фольксваген Пассат" көлігінің ішінен 2006 және 2009 жылдары туылған екі қыз баланың мәйіті табылды. Ал, осы көліктің артыңғы жүк салғышында шүйдесінен үш рет жарақат алған әйелдің өлі денесі болған" делінген аталған хабарламада.

Тәртіп сақшылары хабарлағандай, автокөлік тұрған жерден 30 метр қашықтықта жіпке асылған ер азаматтың да мәйіті табылыпты. Кейінірек анықталғандай, көз жұмғандардың барлығы да бір отбасының мүшелері болып шықты. Олар Астана қаласында тұрып келген, ал екі қызы Арықты ауылындағы атасы мен әжесінің қолында тәрбиеленген екен.

Туыстарының айтуынша, ерлі зайыптылар жиі ұрысқан көрінеді. Оған себеп болған жайт - қызғаныш. Әйелін қызғанған ер азамат бұған дейін де үлкен дау-жандалдар шығарып келген.

"Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Алдын ала болжам бойынша, ер азамат алдымен екі қызын суға тұншықтырып өлтіріп, артынша әйелінің шүйдесінен ұрып жазым қылған. Кейін өзі асылып өлген. "Кісі өлтіру" фактісі бойынша қазір қылмыстық іс қозғалды" деді полиция қызметкерлері - деп хабарлады baq.kz


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!