Заңсыз ойын орнын анықтады

Фотография - Заңсыз ойын орнын анықтады

Прокуратура Тараз қаласының орталығынан ойын автоматтарымен және электронды рулеткамен жабдықталған тағы бір заңсыз ойын орнын анықтады

509 0

Прокуратура Тараз қаласының орталығынан ойын автоматтарымен және электронды рулеткамен жабдықталған тағы бір заңсыз ойын орнын анықтады, деп хабарлады ҚазАқпарат

«31 шілде күні заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қарсы әрекет ету іс-шарасын өткізу барысында облыс прокуратурасы Тараз қаласының орталығынан ойын орталығының қызметі фактісін анықтады, - деді Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Халидолла Дәуешов. - Ол көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан. Іші 23 ойын автоматы мен 8 адамға арналған электронды рулеткамен жабдықталған».

Ұстау кезінде онда 6 ойыншы мен сол орталықтың екі қызметкері болған. 532 мың теңге көлемінде ақша мен ойын автоматтарының кілттері тәркіленді.

«Қазір ҚР ҚК 269-1 бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселеге қатысты құжаттар дайындалып жатыр», - деді Х. Дауешов.

Естеріңізге сала кетейік, 27 шілдеде Тараздың орталығында 12 ойын автоматы орналасқан заңсыз ойын орталығын ұйымдастыру фактісі анықталған еді. Биылғы жылдың алты айында прокуратура экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес Департаментімен және облыс ІІД бірлесе отырып заңсыз ойын бизнесін жүргізудің 21 фактісін анықтады. Оның ішіне 14 онлайн-казино, 5 жасырын казино және 2 ойын автоматтары залы кіреді. Жалпы ҚК 269-1 бабы бойынша 21 қылмыстық іс қозғалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!