Қарағанды облысында жол апатынан 2 адам мерт болды

Фотография - Қарағанды облысында жол апатынан 2 адам мерт болды

Қарағанды облысында Қарқаралы-Қарағанды жолында екі жеңіл көліктің соқтығысуынан екі адам қаза тапты, бес адам зардап шекті

128 0

Қарағанды облысында Қарқаралы-Қарағанды жолында екі жеңіл көліктің соқтығысуынан екі адам қаза тапты, бес адам зардап шекті,

деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Полицияның берген мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасы 4 тамыз күні Қарқаралы ауданында Қарқаралы-Қарағанды жолында, Көктас ауылынан 10 шақырым жерде орын алған.

«49 жастағы «Ауди-А6» көлігінің жүргізушісі, Қарағанды қаласының тұрғыны қарсы жолға шығып кетіп, 29 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны басқарып келе жатқан «Мерседес Бенц Е 230» көлігіне соғылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан алған жарақаттардан «Ауди-А6» жолаушылары: жүргізушінің 43 жастағы әйелі мен 25 жастағы қызы қаза болды», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, Мерседес көлігінің үш жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Екі көліктің жүргізушісіне де медициналық көмек көрсетілді.

«ҚР ҚК 296-бабы 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!