Шымкентте әскери қызметкер қызды зорлап, буындырып өлтірген

Фотография - Шымкентте әскери қызметкер қызды зорлап, буындырып өлтірген

Шымкенттегі әскери бөлімдердің бірінің сержанты бейбіт тұрғынға қастандық жасады. Қасындағы сыбайласымен 25 жастағы бойжеткенді зорлап, соңынан буындырып өлтірген. 25-шілденің түнінде орын алған қанды оқиғаның ақ-қарасын қазір тергеу анықтап жатыр.

413 0

Шымкенттегі әскери бөлімдердің бірінің сержанты бейбіт тұрғынға қастандық жасады. Қасындағы сыбайласымен 25 жастағы бойжеткенді зорлап, соңынан буындырып өлтірген. 25-шілденің түнінде орын алған қанды оқиғаның ақ-қарасын қазір тергеу анықтап жатыр.

Айта кетейік, бұл жыл басынан бері өңірде әскерилердің қатардағы азаматтарға қатысты жасалған жалғыз қылмыс емес.

25 жасар әйел адамның мәйіті «Шапағат-2″ шағынауданындағы шұқырдан табылған. Сараптама бойжеткеннің қылқындырып өлтірілгенін анықтап отыр. Өлі денені осы маңдағы тұрғынның бірі тауып, полицияға хабар берген.

Анықтау шаралары бойжеткеннің өмірі басқа жерде қиылғанын көрсетті. Әскери прокуратураның мәліметінше, өлтірердің алдында бойжеткен зорланған. Осы оқиға бойынша қаладағы әскери бөлімдердің бірінің сержанты қолға түсті.

Есжан Сыбанбаев, Шымкент гарнизоны әскери прокурының орынбасары:

«Әскери қызметкер 03-534 әскери бөлімінің келісім-шарт бойынша әскери қызметкері, Мырзағалиев деген. Ол қазіргі таңда осы іс бойынша күдікті ретінде. Ол бұл қылмысты Соколенко деген азаматпен топталып жасаған. Қазіргі таңда 29-шілде 2013 жылдың Еңбекші аудандық соттың шешімімен олар қамауда отыр».


Оқиға шілденің 25-інен 26-сына қараған түні орын алған. Көршісімен серілікке шыққан келісімшарт сержанты 25 жастағы бойжеткенмен танысады. Таныстық Қайнарбұлақ саяжайында жалғасқан. Қылмыс та сол жерде орын алыпты. Қылмысын жасыру үшін оны өлтіріп, мәйітті қаланың екінші шетіне апарып тастаған.

Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сарбазбен бірге оның көршісі де тұтқынға алынды. Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында әскери қылмыстар саны 20 пайызға азайған. Есесіне, сарбаздардың қарапайым тұрғындарға қатысты қылмысы 30 пайызға артып отыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!