Алматыда букмекерлік кеңселердің тонаушылары ұсталды

Фотография - Алматыда букмекерлік кеңселердің тонаушылары ұсталды

Алматы қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алмалы ауданы криминалдық полиция бөлімімен бірге жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде қарақшылық шабуыл жасаған бес ер адамды қылмыс үстінде ұстады

181 0

Алматы қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алмалы ауданы криминалдық полиция бөлімімен бірге жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде қарақшылық шабуыл жасаған бес ер адамды қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Жыл басынан бастап ұсталғандар қаланың букмекерлік кеңселеріне 15 қарақшылық шабуыл жасаған. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 2 миллион 149 мың теңгені құрады.

Ұсталғандардың барлығы бұрын сотталмағандар. Олардың ішінде тек біреуі ғана (1991 ж.т.) жұмыс істеген. «Тұлпар» ЖШС-нің такси жүргізушісі болған.

Ұсталғандардан электр шокер, пневматикалық және ойыншық тапаншалар табылып, тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!