Алматыда тағы да пойыз соқтығысты

Фотография - Алматыда тағы да пойыз соқтығысты

Алматыдағы "Алматы-1" теміржол вокзалында жолаушылар пойызы мен оны сүйрейтін электровоз соқтығысып, 8 адам жарақаттанды

164 0

Алматыдағы "Алматы-1" теміржол вокзалында жолаушылар пойызы мен оны сүйрейтін электровоз соқтығысып, 8 адам жарақаттанды деп хабарлайды Азаттық ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

Жетісу транспорттық прокуратурасының ақпаратына қарағанда, 6 тамыз күні кешке қарай электровоз "Алматы-Қарағанды" бағытында қатынайтын пойыз вагондарымен соқтығысқан. Оқиға пойызға жолаушылар отырып жатқан кезде болған.

Алдын-ала деректерге қарағанда, соқтығысуға электровоз тежегішінің істен шығуы себеп болған. 8 адам түрлі жарақат алып, оның төртеуі ауруханаға жеткізілген.

Прокуратураның хабарлауы бойынша, электровоз Қытайда жасалған. Қазір көлік құралы тежегішінің не себепті істен шыққанын анықтау үшін мамандар тексеруіне жіберілген.

Оқиға бойынша прокуратура "темір жол көлігін пайдаланудың немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу" фактісімен қылмыстық іс қозғады.

Соңғы уақытта Қазақстанда теміржолда болатын оқиғалар жиіледі. Шілде айының өзінде төрт бірдей оқыс оқиға болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!