Алматыда үш бірдей көлік соқтығысты (фото)

Фотография - Алматыда үш бірдей көлік соқтығысты (фото)

Алматының орталығында жол талғамайтын көлік иесінің жол ережесін өрескел бұзу салдарынан үш бірдей көлік соқтығысты, деп хабарлайды today.kz тілшісі.

167 0

Алматының орталығында жол талғамайтын көлік иесінің жол ережесін өрескел бұзу салдарынан үш бірдей көлік соқтығысты, деп хабарлайды today.kz тілшісі.

ЖКО сәрсенбі күні таңертең Гоголь мен Жұмалиев көшелерінің қиылысында орын алды. Куәгерлердің сөзіне қарағанда «Тойотта» маркалы жол талғамайтын көлік иесі Жұмалиев көшесімен солтүстікке қарай бет алып бара жатып, жол беру керек болғанымен жол белгісін елемей Гоголь көшесіне шыққан, осы сәтте ол Гоголь көшесімен шығысқа қарай бет алып келе жатқан «Нексия» көлігімен соқтығысады.

Соққыдан «Нексия» қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, «Мерседес» маркалы көлікке соғылған.

Оқиға салдарынан үш адам зардап шекті. «Нексияның» жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді, «Мерседес» жүргізушісі дәрігерлердің қарауынан кейін ауруханаға барудан бас тартты. Оқиғаны жол полициясының қызметкерлері анықтауда.


Тегтер:

авария

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!