Қазақстандықты атқан ресейлік Самарада ұсталды

Фотография - Қазақстандықты атқан ресейлік Самарада ұсталды

Криминалдық полиция және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармаларының қызметкерлері Ресей Федерациясы Самара облысының полицейлерімен бірлесіп, Самара қаласында 35 жастағы Ресей азаматын қолға түсіріп, уақытша қамау изоляторына жапты

154 0

Қазақстандықты атқан РФ азаматы Самарада ұсталды,  деп хабарлады сәрсенбіде Қазақстанның ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Айжан Есімбекова.

 

«Криминалдық полиция және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармаларының қызметкерлері Ресей Федерациясы Самара облысының полицейлерімен бірлесіп, Самара қаласында 35 жастағы Ресей азаматын қолға түсіріп, уақытша қамау изоляторына жапты», - деді Есімбекова.

 

Оның айтуынша, оған ағымдағы жылдың  19 ақпанында Орал қаласындағы көшелердің бірінен атыс қаруынан жарақат алған күйде ауруханаға жеткізіліп, сонда қайтыс болған 37 жастағы Қазақстан азаматының өліміне қатысы бар деген күдікпен мемлекетаралық іздеу жарияланған болатын.

 

Қазіргі таңда экстрадициялау мәселелері шешілу үстінде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!