Жамбыл облысы тұрғынынан 2 тоннаға жуық марихуана тәркіленді

Фотография - Жамбыл облысы тұрғынынан 2 тоннаға жуық марихуана тәркіленді

Жамбыл облысында «Дельта-Долина» өңіраралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі мен Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында 2 тоннаға жуық марихуана тәркіленіп алынды

196 0

Жамбыл облысында «Дельта-Долина» өңіраралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі мен Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында 2 тоннаға жуық марихуана тәркіленіп алынды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті директорының орынбасары Айжан Есімбекова мәлім етті.

Атап айтқанда, Тасөткел ауылы маңындағы құмды аумақта бұрын есірткі қылмысы үшін сотты болған 38 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. «Сондай-ақ айыптыдан жиналған марихуана, оны дайындау құралдары табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 259 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (Есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз өте ірі мөлшерде заңсыз иелену, сақтау). Жасалған қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін», - дейді А. Есімбекова.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!