Алматыда мас жүргізуші полицейдің погонын жұлған

Фотография - Алматыда мас жүргізуші полицейдің погонын жұлған

 деп хабарлайды Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі.

285 0

Бүгін оңтүстік астанада жол полициясы инспекторына шабуыл жасалды, деп хабарлайды Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі.

Шабуыл жасаған Әзірбайжан Республикасының 38 жастағы азаматы. Ол Ауди-100 маркалы автокөлікті мас күйде жүргізген және жол полицейінің тоқтау туралы талабына бағынбаған, делінген хабарламада. Жол полициясы инспекторы оның артынан қуып жетуіне тура келген.

«Ол көліктен шыға салысымен полицейге атылады. Қолын айқастырып, полиция қызметкерін жерге құлатпақ болып, ол инспектордың бір погонын жұлып алған. Осы уақытта полицейдің серіктесі келіп, олар екеулеп әзірбайжанды «тыныштандырды». Заң бұзушының айтуынша, оның қатты мас болғаны соншалық, ештеңе есінде жоқ», – делінген хабарламада.

Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол 200-500 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!