Астана автосалонында Ресейден ұрланған көліктер сатылған

Фотография - Астана автосалонында Ресейден ұрланған көліктер сатылған

Астаналық Геннадий Мирабов 9 жылдан бері ұрланған көлік мініп жүр. Оның бар кінәсі су жаңа көлікті автосалоннан сатып алғанында. Қазір ол Астанадан өзге қалаларға темір тұлпарымен қатынай алмай жүр

141 0

Астаналық Геннадий Мирабов 9 жылдан бері ұрланған көлік мініп жүр. Оның бар кінәсі су жаңа көлікті автосалоннан сатып алғанында. Қазір ол Астанадан өзге қалаларға темір тұлпарымен қатынай алмай жүр - деп хабарлады baq.kz

Су жаңа көлікті «Астана Моторс» автосалонынан 2002 жылы сатып алған. Арада 2 жыл өткенде көлігінің ұрлықы жолмен сатылымға түскенін біледі. Содан бері 9 жыл өтсе де қария көлігін заңдастыра алмай дал болып жүр. Көлігімен Астанадан ұзап шыға алмайды. Кімнен әділдік сұрарын ұға алмайды.

«Мен бұл көлігімді сатуға да қоя алмаймын. Өйткені құжаттардың барлығы жол полициясында бұғауда тұр. Құжаттарымды тазартып алайын деп Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен қаржы полициясына бардым ешқандай нәтиже жоқ. Тоғыз жылдан бері қаржы және жол полициясының екі арасында жүріп шаршадым», - дейді Геннадий. Ал қаржы полициясы кеше ғана оның қолына тыйым салуды алып тастау жөніндегі қаулыны беріп жібердік деп отыр.

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбайдың айтуынша, Мирабов деген азамат қаулыны қабылдамау туралы қайта келіп жүгінген. Агенттік бұл қаулыны қайтадан рәсімдеп, оны сенім қолдарымен бекітіп, қайта жіберген. Енді ол жол полиция комитетінің шешімін күтуі тиіс.

Бір қызығы, 2002 жылы астаналық кәсіпкерлер Ресейден әкелген ұрлықы көліктерді «Астана моторс» автосалонының бір бөлігін жалға алып, саудалап отырған. Геннадийден бөлек 24 көлік иесін сазға отырғызып кеткендер бүгінде жазаларын өтеп, бостандықта жүр екен.

«Бұл қылмыстық іске қатысы бар делінген азаматтар жазасын алды. Бәрі дерлік түрмеге тоғытылып, жазаларын да өтеп шығып қойды. Бірақ жол полициясы менің көлігімді әлі күнге бұғаудан шығарғысы жоқ. Мен осы мәселені әлі күнге түсінбей жүрмін», - дейді жәбірлленуші.

Енді жол полициясы көлік құжаттарын тазартып бергенше Геннадий қарияның ұрлықы көлікпен жүре тұруына тура келеді.


Тегтер:

елорда

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!