Қарағандыдағы түзету мекемесінен шу шықты

Фотография - Қарағандыдағы түзету мекемесінен шу шықты

Қарағандыдағы 1591 түзету мекемесінен шу шықты. Тергеу изоляторында жатқан 5 күдікті түрме әкімшілігіне қарсылық ретінде денелерін тіліп тастаған

210 0

Қарағандыдағы 1591 түзету мекемесінен шу шықты. Тергеу изоляторында жатқан 5 күдікті түрме әкімшілігіне қарсылық ретінде денелерін тіліп тастаған. Олардың туысқандары, темір тордың ар жағында жарақат алушылар көбейіп, тіпті екі адам көз жұмған деген мәліметті айтуда. Алайда, түрме әкімшілігі, кісі өлімі болды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Түзету мекемесінен тыныштық кетіп, шу шыққанына үш күн болыпты. Галина Воратникованың туысы сол тергеу изоляторында жатыр. Оның қауіпсіздігін ойлап қорыққан Галина, темір тордың ар жағында жағдай ушығып тұр дейді. Себебі, түзету мекемесінде жатқан туысы хабарласып, мән-жайды толық жеткізіп отырады екен. Галинаның айтуынша, қамаудағылардың арасында денесін өз қолымен тіліп жібергендердің қатары артқан.

ГАЛИНА ВОРАТНИКОВА, Күдіктінің туысы:

– Камераға бет перде кигендер кіріп келіп, сонда отырғандарды аяусыз соққыға жығатын көрінеді. Тіпті, өлімші етіп сабайды екен. Менің естуімше екі адам көз жұмған. Сондағы туысым біз күнде айқай шуды естіп, қатты қорқамыз,– дейді.

Ал, тергеу изоляторының әкімшілігі, түрме ішінде кісі өлімі болды деген ақпаратты жоққа шығарды. Дегенмен, 5 күдіктінің денелерін тіліп жібергенін растады. Алайда, жарақаттары жеңіл болғандықтан, оларды ауруханаға жатқызбаған. Тек, медициналық көмек көрсетіліпті.

ВЛАДИМИР ГОРИН, Қарағанды қаласындағы АК 1591 түзету мекемесінің бастығы:

– Олар ішкі тәртіпке бағынғысы келмеді. Сондықтан осындай әрекетке барған. Бұл ішкі тәртіпті бұзу болып саналады. Сондықтан оларға тәртіптік жаза тағайындалды - деп хабарлады  baq.kz

Құзырлы мекеменің айтуынша, түрме ішінде шу шығарғандардың барлығы ұрлық,тонау мен қарақшылық қылмыстарын жасауға қатысы бар деген күдікпен отырғандар. Енді олардың бүгінгі тәртіп бұзғандарын сот назарға алуы да мүмкін.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!