Ақтауда жасырын казино жойылды

Фотография - Ақтауда жасырын казино жойылды

Маңғыстау облысы прокуратурасының қызметкерлері облыстық ішкі істер Департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, Ақтау қаласы көлемінде заңсыз, әрі жасырын спорт покер клубы деген сылтаумен орналасқан казино залын анықтап, оның қызметіне тосқауыл қойды

157 0

Маңғыстау облысы прокуратурасының қызметкерлері облыстық ішкі істер Департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, Ақтау қаласы көлемінде заңсыз, әрі жасырын спорт покер клубы деген сылтаумен орналасқан казино залын анықтап, оның қызметіне тосқауыл қойды деп хабарлайды Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.


Баспасөз хабарламасында көрсетілгендей, казинода 7 покер столы (1 стол 10 тұлғаға арналған), ортақ және 2 VIP бөлмелерімен қаражатты әр-түрлі номиналды фишкаға айырбастайтын кассасы бар екендігі белгілі болды.


«Тексеру кезінде, казинода 20 ойнаушы клиент, 9 қызметкер ұсталып, кассадан 450 мың теңге көлеміндегі қаражат және бейне таспаға түсіретін аппараттар алынды»,-деп атап көрсетеді ведомство.


Бүгінгі таңда, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 269-1 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!