Түркияда уланған туристер арасында 5 қазақстандық бар

Фотография - Түркияда уланған туристер арасында 5 қазақстандық бар

Түркияның Кемер демалыс орнында 70-ке тарта ресейлік турист уланып қалғанын кеше хабарлаған едік. Бүгін олардың ішінде 5 Қазақстан азаматы да бары анықталды

152 0

Түркияның Кемер демалыс орнында 70-ке тарта ресейлік турист уланып қалғанын кеше хабарлаған едік. Бүгін олардың ішінде 5 Қазақстан азаматы да бары анықталды деп хабарлайды «Еуразия» телеарнасы Қазақстанның Анталиядағы консулы Бауыржан Әбдірахмановқа сілтеме жасап.

« Барлығына уақытылы медициналық көмек көрсетілді. Уланған отандасымыздың бірі – бала. Барлығының жағдайы қазір жақсы. Сақтандыруы барларға медициналық қызметтің құнын солар өтеп берді. Ал, ол қызметті пайдаланбағандарға қонақүй әкімшілігі төледі. Улану себептері әлі тексеріліп жатыр. Жақын күндері жауабы беріледі»,-деді  Әбдірахманов телеарнаға берген сұхбатында.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!