Петропавлда үш жігіт әйелді зорлағандарын телефонға түсрген

Фотография - Петропавлда үш жігіт әйелді зорлағандарын телефонға түсрген

Петропавл полицейлері 33 жасар әйелге жасалған зорлау мен тонау әрекеттері бойынша қылмысты ашты, деп хабарлайды Today.kz со СҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

242 0

Петропавл полицейлері 33 жасар әйелге жасалған зорлау мен тонау әрекеттері бойынша қылмысты ашты, деп хабарлайды Today.kz со СҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жігіттер әйел адамды соққыға жығып, зорлаған және тонаған, онымен қоймай бұл сорақы істерін телефонға түсіріп алған. Қылмыстық іс бойынша Қызылжар ауданының үш азаматы ұсталды.

Оқиға таңғы уақытта болған. Жұмыстарымен кетіп бара жатқан әйелді үш ер адам жабылып ұрып, гараж аумақтарына апарып зорлап, телефонын алып кеткен. Зардап шегуші қылмыскерлерді суреттеп бере алған және олардың бірі оқиғаны телефонға түсіріп тұрғанын хабарлаған.

Бір ай өте полиция қызметкерлері үш күдіктіні де қолға түсірген. Олардың бірінен тартып алынған телефон, тағы біреуінен бейнежазбасы бар телефон табылды. Зардап шегуші үшеуін де таныды. Олардың біріне 20 жас қана болса, қалған екеуі тек 19 жаста.

Бұл оқиға бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!