Америкалық отбасыға Қазақстаннан асырап алынған екі баланы зорлады деген айып тағылды

Фотография - Америкалық отбасыға Қазақстаннан асырап алынған екі баланы зорлады деген  айып тағылды

Ворчестер қаласы Жоғарғы сотының алқа билері  Джозефа пен Линда Мэйотты  Қазақстаннан асырап алынған екі баланы зорлауда кінәлі деп тапты

170 0

Ворчестер қаласы Жоғарғы сотының алқа билері  Джозефа пен Линда Мэйотты  Қазақстаннан асырап алынған екі баланы зорлауда кінәлі деп тапты, деп жазады жергілікті The Milford Daily News басылымы. 

 

Шағын ғана Уитинсвилль қаласынан шыққан 49 жастағы Линда Мэйотт пен оның 50 жастағы күйеуі Джозеф Мэйотт Қазақстаннан асырап алынған екі баланы зорлады деп айыпталуда. Қазақстандық балалар Уитинсвилльге 2004 жылдың тамызында көшіп барған. Қыз бала ол уақытта 8 жаста ғана болған.

 

«Джозеф Мэйотт сот залында қамауға алынды, ал оның әйелі Линда сот отырысына қатыспаған. Жұппен таныс дереккөз, Линданың өзіне қол салмақ болып, ауруханаға түскендіктен сот отырысына қатыспағандығын айтты», - деп жазады басылым.

 

Басылымның  ақпараты бойынша, америкалық жұпқа үкімді 22 тамызда жариялайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!