Астанада 3 бала тірідей өртеніп кете жаздады

Фотография - Астанада 3 бала тірідей өртеніп кете жаздады

Астанада балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 3 бала тірідей өртеніп кете жаздады. Аяқ-қолдары мен беттерін қатты күйік шалған жасөспірімдер қазір ауруханада жатыр.

301 0

Астанада балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 3 бала тірідей өртеніп кете жаздады. Аяқ-қолдары мен беттерін қатты күйік шалған жасөспірімдер қазір ауруханада жатыр.

15-17 жас аралығындағы 3 жасөспірім бөтелкеге құйылған бензинді жағып көрмекші болған. Алайда, шырпы тұтанғанда лап етіп жанған от 3 баланың екеуінің аяқ-қолы мен беттерін шарпыған. Олардың қолына жанармайдың қайдан түскені әзірге белгісіз. Өрт сөндірушілер жеткенше балалар мен тәрбиешілер отты өздері өшіруге тырысқан. Ал балалар үйінің басшысы оқиға болған жерге журналистерді маңайлатпай қойды.

Жалпы осы өрт болған бөлме терезесінде бұрын темір тор тұрған екен. Төтенше оқиғадан соң бірден алып тастапты. Балалар үйінің басшылығы күйік шалған үш бала бұған дейін бірнеше рет қашып кеткенін айтты. Оларды өрт болған бөлмеге мәжбүрлі түрде қамап тастаған деген ақпарат жалған, дейді мекеме басшысы.

«Мен ол күні жұмыста болған жоқпын, сондықтан сіздерге нақты ештеңе айта алмаймын. Балалардың айтуынша, олар бензиннің бөтелкесін жағып көрмек болғанда, аяқ-қолдарын күйік шалған. Бұл балаларды өзгелерден оқшау ұстаймыз. Өйткені, олар бірнеше рет мекемеден қашып кетті. Ал өрт болғанда олар орналасқан бөлменің есігі ашық тұрған», - дейді балалар үйінің директоры Назира Әбілдина.


Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!