Алматыда құрылыс базарында 600 текше метр құрылыс ағаштары жанып кеткен

Фотография - Алматыда құрылыс базарында 600 текше метр құрылыс ағаштары жанып кеткен

Кеше 21 сағат 32 минутта Алматы қаласында «Үшқоңыр-7» ЖШС-нің базарының ашық аумағында құрылыс ағаштары өртке оранды

143 0

Кеше 21 сағат 32 минутта Алматы қаласында «Үшқоңыр-7» ЖШС-нің базарының ашық аумағында құрылыс ағаштары өртке оранды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Өрт үш сағат ішінде ауыздықталды. Өрт қаупін жоюға жеке құрамнан 65 адам, ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 21 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің 3 адамы және 1 техникасы жұмылдырылды. Өрт 300 шаршы метр аумаққа тарады. Тілсіз жаудың салдарынан 600 текше метр құрылыс ағаштары жанып кеткен. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!