Қызылордада ашуға булыққан әке баласын пышақтап өлтірді

Фотография - Қызылордада ашуға булыққан әке баласын пышақтап өлтірді

Қызылорда қаласында әке өз баласын өлтіріп қойды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен хабарлады

273 0

Қызылорда қаласында әке өз баласын өлтіріп қойды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен хабарлады.

«Тамыз айының 7-сі күні облыстық медицина орталығының кезекші дәрігері жансақтау бөліміне ер азаматтың пышақ жарақатымен түсіп, жан тапсырғандығы жөнінде Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасына хабарласқан. Полиция қызметкерлері тексеру барысында ауруханаға түскен азаматтың облыс орталығының тұрғыны екенін анықтады», - делінген хабарламада.

Үстіміздегі жылғы 4 тамыз күні 1955 жылы туған әке мен 1977 жылы туған бала арасында жанжал шыққан. Ашуға булыққан әке баласын пышақпен ұрған. Осы жарақатымен ауруханаға түскен жәбірленуші көп ұзамай көз жұмған.

Қазіргі таңда күдікті әке ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!