Қостанайда бірнеше елді мекенді су басты

Фотография - Қостанайда бірнеше елді мекенді су басты

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Қостанай облысындағы Ресеймен шекаралас орналасқан бірқатар елдімекеннің шеткі көшелерін су басты

162 0

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Қостанай облысындағы Ресеймен шекаралас орналасқан бірқатар елдімекеннің шеткі көшелерін су басты - деп хабарлады ҚазАқпарат

Көрші елден тосыннан келген судан Тобыл, Аят, Тоғызақ өзендерінің денгейі 80-90 сантиметрге дейін көтерілген. Жергілікті билік қазіргі жағдай қалыпты екендігін айтқанымен, су тасқынының қаупі әлі сейіле қойған жоқ.

Жалпы мамандардың айтуынша, Ресеймен шеттесіп жатқан Өрнек ауылының маңында кеше түске таман өзен ағысының күшейе бастағандығы байқалған. Ал таңға жуық су арнасынан асып, ауылға жайылған.

"Алдымен алты үйді су басып, 13 адамды қауіпсіз жерге көшірдік. Олар туыс-туғандарына орналастырылып, азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Одан кейін тағы 2 үйге су жетті. Алдын ала қауіпсіздік шараларын жасап, 10 үйдің тұрғындарын орналастыратын интернат, мәдениет үйі ғимараттарын дайындап қойдық", - дейді Қарабалық ауданының әкімі Алмат Исмағұлов.

Ресейден кенеттен судың келуіне жақын аймақтағы бөгеттің бұзылуы себеп болуы мүмкін. Оның үстіне толассыз жауған жаңбыр да су тасқынын үдетіп отыр.

Төтенше жағдайдың алдын алу үшін облыста шұғыл штаб құрылған. Челябіден алынған ақпарға сүйенсек, ол жақтағы өзен денгейі тұрақтанған. Сондықтан бір-екі күнде өңірде де су деңгейі түсуі мүмкін.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!