Пневматикалық қарудан қыздарға оқ атқан ақтөбелікті 3 жылға соттады

Фотография - Пневматикалық қарудан қыздарға оқ атқан ақтөбелікті 3 жылға соттады

Ақтөбе қаласының №2 соты пневматикалық қару қолданып, бұзақылық жасаған ақтөбелікке қатысты қылмыстық істі қарады

285 0

Ақтөбе қаласының №2 соты пневматикалық қару қолданып, бұзақылық жасаған ақтөбелікке қатысты қылмыстық істі қарады.

Істің материалдарында көрсетілгендей, 2013 жылдың сәуірінде таңғы төрт кезінде түнгі клубтан ер адам мен оның танысы мас күйінде шыққан. Таксиге отырып, жол жиегінде тұрған төрт қызды көлікке шақырып, оларды үйлеріне жеткізіп салуға уәде берген.

Көлікте ер адам балағат сөздер айтып, қыздар такси жүргізушісінен тоқтауын сұрап, шығып кеткен.

Қыздардың шығып кеткеніне разы болмаған ер адам автобус аялдамасының жанында қыздарға қарай «МР-654 К» маркалы пневматикалық пистолеттен оқ атқан. Үш қыз дене жарақатын алған - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Сот шешімімен айыпталушы айыпты деп танылып, оған 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Шешім заңды күшіне енді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!