Алматы облысында қойшы өзі баққан отардан қой ұрлаған

Фотография - Алматы облысында қойшы өзі баққан отардан қой ұрлаған

 Алматы облысында өзі бағатын отардан 20 қой ұрлаған қойшыға қатысты қылмыстық іс қозғалды

245 0

 Алматы облысында өзі бағатын отардан 20 қой ұрлаған қойшыға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Іле АІІБ-не шаруашылық қожайындарының бірі жалпы құны 600 мың теңге тұратын асыл тұқымды қойлары жоғалып кеткендігі жөнінде шағымданған.

Жағдайды анықтау барысында полицейлер қойшыны тергеуге алған. Көп ұзамай қойшы қылмыс жасағанын мойындады. Ұрлаған 20 ірі қойды ол базарға апарып сатып жіберген көрінеді. Қой жоғалғандығы жөнінде шаруашылық қожайынына өзі хабарлапты.

Іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Асыл тұқымды қойлардың бірнешеуі табылып, заңды иесіне қайтарылды - деп хабарлады ҚазАқпарат


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!