Алматыда Kcell-ден 25 миллион ұрланды

Фотография - Алматыда Kcell-ден 25 миллион ұрланды

Алматы қаласының ІІД криминалды полиция басқармасына «Kcell» АҚ жетекшілері белгісіз біреулердің компаниядан SIM-BOX электронды құрылғысы арқылы GSM трафик ұрлап жатқаны туралы хабар берді, деп хабарлайды Today.kz қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

182 0

Құрылғы ұялы байланыс операторларының GSM-трафигін интернет-трафикке айырбастауға арналған. Құрылғының көмегі арқылы халықаралық байланысқа төмен бағамен қол жеткізіп, ұялы байланыс операторына материалдық шығын келтіріп отырған. 

Алматы қаласы ІІД КПБ «К» бөлімі мен жетінші басқарманың «Т» бөлімінің қызметкерлері SIM-BOX апараты орнатылған пәтерлер анықтады және екі жалдамалы пәтерге құрылғы орнатқан 27 жасар азаматты ұстады. Оның сөзіне қарағанда ол бұл жұмысы үшін ақы алып отырған. Ал интернет-трафик Ресейге кетіп отырған. Трафик Ресейден шетелге асырылып отырған деген болжам бар.

Күдікті қамауға алынып, ҚР ҚК 175-ші бабының 3-ші тармағы «Аса ірі көлемдегі жымқыру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!