Петропавлда әйелі күйеуін пышақтап өлтірген.

Фотография - Петропавлда әйелі күйеуін пышақтап өлтірген.

 деп хабарлады СҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

230 0

Күйеуін пышақтап өлтірген Петропавл тұрғынын полицейлер вокзалда қолға түсірді, деп хабарлады СҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

«60 жастағы ер адамның мәйітін бір тәулік бойы ата-анасына хабарласа алмай, үйіне келген ұлы тауып алған. Ер адамның мойнына салынған пышақ жарақатынан мерт болғаны анықталды. Полицейлер күйеуін өлтірді деген күдікпен әйелін ұстайды. Ол туғандарына ауылға кетіп қалмақ болған», - деді Петропавл қаласы ішкі істер басқармасының тергеушісі Жанат Аманжолов.

55 жастағы әйел өзінің айыбын мойындап отыр. Оның берген түсініктемесі бойынша, пышақ жарақатын жанжал кезінде салған. Ал ішімдікке тойып алған екеуінің арасында жанжалдың неден туындағанын ол нақты айта алмады.

Қазіргі уақытта әйел ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!