Атырауда балалар алаңында 11 жасар бала қайғылы жағдайда көз жұмды

Фотография - Атырауда балалар алаңында 11 жасар бала қайғылы жағдайда көз жұмды

171 0

Атырау облысының Құлсары қаласында балалар алаңында 11 жасар бала қайғылы жағдайда көз жұмды.

Өңірдің ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова хабарлағандай, қайғылы оқиға бала әткеншекте отырған кезде болған. Белгісіз жағдайда ол жақында орналасқан турникке байланған жіпке оратылып қалған. Қылқынып қалған балаға көмек көрсетуге ешкім келе алмаған.

«Баланың өліміне байланысты сот сараптамасы белгіленді. Аталған факт қайғылы жағдай ретінде тіркелді», - деді Г. Мұхтарова.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!