ОҚО-да жүргізушілер мен жолаушыларға шабуыл жасаған ҰҚТ-ның 7 мүшесі сотталды

Фотография - ОҚО-да жүргізушілер мен жолаушыларға шабуыл жасаған ҰҚТ-ның 7 мүшесі сотталды

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ұйымдасқан топ құрып, қарақшылық жасағандары үшін қылмыстық топ мүшелері әр түрлі мерзімдерге сотталды

134 0

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ұйымдасқан топ құрып, қарақшылық жасағандары үшін қылмыстық топ мүшелері әр түрлі мерзімдерге сотталды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

«Сотта анықталғандай, сотталушылар 2013 жылы ақпан айында ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Олар Алматы-Термез автожолындағы жол бойында тоқтап тұрған көліктердің жүргізушілері мен жолаушыларына қарақшылық шабуыл жасап, мүліктерін ұрлап, оларға  775928 теңге материалдық залал келтірген», - делінген хабарламада.

Баспсөз қызметінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ұйымдасқан топ құрып, қарақшылық жасағандары үшін  бес сотталушы 12 жылға, 16 жылға және 6 жылға, тағы екеуіне 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!