Ұстазынан таяқ жеген оқушы асылып өлді

Фотография - Ұстазынан таяқ жеген оқушы асылып өлді

Оңтүстік Қазақстанда ұстазынан таяқ жеген 15 жастағы мектеп оқушысы қорлыққа шыдамай асылып өлді

286 0

Оңтүстік Қазақстанда ұстазынан таяқ жеген 15 жастағы мектеп оқушысы қорлыққа шыдамай асылып өлді. Сайрам ауданына қарасты Көлкент елді мекенінде бастауыш мектебінің мұғалімі осында оқитын қызды елдің көзінше соққыға жығып, аузына келгенін айтып балағаттапты. Ал бұған төзе алмаған 9 сынып оқушысы Барчинай Махмудханова ұстазын кінәләп тілімдей хат қалдырып, артынан өз ауласында асылып қалған.

Мынау марқұм Барчинай Махмудханованың көзі тірісінде жазған соңғы хаты. Мұнда ол өз өліміне ауылдасы, әрі ұстазы Гүлнар Османалиеваны жазғыруын өтініпті. Себебі, он күн бұрын ұстаз бен оқушының арасында жанжал болып, бастауыш сыныбының мұғалімі оны епкінің астына алған. Тіпті араша түскен анасына да қол жұмсаған көрінеді.

Мухаббат Абдуллаева, марқұмның әжесі:

- Кедейсің деп айтты мені, ұрып соқты. Мені боқтады. Сансыраған қаншық деп айтты. Ол сөзді мен көтере алмадым. Мені ұрғаны жетпегендей, сені де ұрып соқты. Сенің бетіңе түкірді. Менің бетіме түкіргенге ашынбаймын, сені ұрып жәбірлегенге ашынамын , соған шыдамай мен өзімді өзім өлтіремін деп жазған.

Ауылдықтар кінәләп отырған ұстаз Гүлнәр Османәлиева көрші-қолаңмен де, туыстарыменде сыйыспайтын көрінеді. Мән-жайды мұғалімнің аузынан ести алмадық. Себебі, өзі басқа ауылға тойға кетіп қалыпты. Есесіне қызы марқұмның жақындарының айтқанын жала деп отыр.

Умида Османәлиева, Гүлнәр Османәлиеваның қызы:

- Ұрған емес, анам мүлде ұрған емес.

Өліммен аяқталған бұл мәселеге өзге де ауылдастары араласа бастады. Енді көлкенттік тұрғындар бастауыш мектептің оқытушысын мектептен шығарып, оны заң бойынша соттамайынша ешкім де баласын мектепке жібермейміз деп бекініп отыр.

Әбдіхалил Юнусалиев, Көлкент тұрғыны:

- Бұл әйел түрмеде отыруы керек. Өз-өзіне қол алғанға апарған бұл. Енді біз бүкіл халық мектепке бір баланы жібермейміз. Өйткені тағы біреуді өлтіріп кетеді бұлар.

Қазір, Көлкенттіктерді дүрліктіріп тұрған бұл іс ішкі істер өкілдерінің назарына алынды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД Баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Осы жәйтте қылмыстың құрамы болса дәлелденсе онда бұл жәйтке байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 102 бабына байланысты өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеу бойынша іс қозғалуы мүмкін.

Енді бұл іске қатысты тергеу шарасы біраз уақытқа созылады. Ал Тұрғындар кісі өліміне себепкер болған ұстаз жазадан жалтарып кетсе, Білім министрлігіне хат жібереміз деп бекініп отыр - деп хабарлады ҚазАқпарат

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!