Астанада өзінің танысын өлтірген Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды

Фотография - Астанада өзінің танысын өлтірген Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды

Астана қаласының Алматы ауданы ІІБ-ның кезекші бөліміне «Жедел жәрдем» қызметінің дәрігерлерінен пәтерден зорлықпен өлтірілген ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келді

177 0

Астана қаласының Алматы ауданы ІІБ-ның кезекші бөліміне «Жедел жәрдем» қызметінің дәрігерлерінен пәтерден зорлықпен өлтірілген ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келді.

Оқиға орнына көп кешікпей жедел тергеу тобы шыққан. Пәтерді тінту және куәгерлерден жауап алу барысында полиция қызметкерлері жапа шеккен адам 30 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны екендігін анықтады.

Сонымен қатар, оқиға орнынан қашып кеткен күдікті ұсталды. Ол қаза болған адамның 25 жастағы жерлесі болып шықты. Күдікті өзінің айыбын мойнына алып, танысының пәтерінде болған кезде екеуінің арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқанын айтқан. Айыпталушы досына өлімге әкеліп соққан ауыр дене жарақатын салған.

ҚР ҚК 103-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Астана қаласының ІІД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!