Қарағанды облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза болды, тағы бесеуі зардап шекті

Фотография - Қарағанды облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза болды, тағы бесеуі зардап шекті

Қарағанды облысында «Балқаш-Қарағанды» жолының бойында «Фольксваген Пассат» пен «Ауди-80» көліктері соқтығысты, салдарынан бес адам зардап шекті, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен

250 0

Қарағанды облысында «Балқаш-Қарағанды» жолының бойында «Фольксваген Пассат» пен «Ауди-80» көліктері соқтығысты, салдарынан бес адам зардап шекті, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Полицияның ақпараты бойынша, жол апаты 13 тамыз күні таңертең «Балқаш-Қарағанды» жолының бойындағы «Вираж» қонақ үйінің маңында, Құрма ауылынан екі шақырым жерде болды.

Балқаш қаласына бет алған "Фольксваген Пассат" көлігінің 62 жастағы жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Салдарынан Шет ауданының 27 жастағы тұрғыны, өзімен қатарлас жастағы жүргізуші мінген «Ауди-80» көлігіне соғылады. «Фольксваген Пассатттың» жүргізушісі алған жарақаттардан оқиға орнында жан тапсырды, деп жазылған хабарламада.

Ауруханаға «Фольксваген» мен "Аудидің" жолаушылары - 23 және 24 жастағы қыздар жеткізілді. Сонымен қатар, «Фольксвагеннің» екі жолаушысы 32 жастағы әйел мен 14 жастағы қызға, сонымен бірге «Ауди» жүргізушісіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!