Қостанайда саяжай учаскелерін су басты

Фотография - Қостанайда саяжай учаскелерін су басты

Кеше Қаратомар су қоймасынан тасыған су деңгейі бүгін таңертең төмендеді. ТЖ қызметінің ақпараты бойынша, секундына 200 текше метр тасыған су секундына 75 текше метрге дейін төмендеген

119 0

Кеше Қаратомар су қоймасынан тасыған су деңгейі бүгін таңертең төмендеді. ТЖ қызметінің ақпараты бойынша, секундына 200 текше метр тасыған су секундына 75 текше метрге дейін төмендеген.

Соған қарамастан, бүгін таңертең Тобыл өзенінің бойындағы облыс орталығының аумағында орналасқан Қостанайдың саяжай учаскелерін су басу қаупі төнді.

Осыған дейін хабарлағандай, Қостанай облысында күтпеген су тасқыны 10 тамыз күні басталды. Ол Ресейдің Оңтүстік Орал аумағында жауын-шашын мөлшерінің көп түсуімен байланысты.

Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, апат салдарының алдын алу шаралары жасалған, алайда елді мекендердегі бірқатар үйлерді су басқаны және Аят өзенінің бөгеті суға толғандығы жөнінде хабарланды.

ТЖ қызметі тәулік бойы су деңгейін бақылауда ұстап отыр, халықты су басу қаупі жайлы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу жалғасып жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!