Шағын автобус жүк көлігімен соқтығысып, Өзбекстанның үш азаматы қаза болды

Фотография - Шағын автобус жүк көлігімен соқтығысып, Өзбекстанның үш азаматы қаза болды

Жамбыл облысының бойындағы күре жолда шағын автобус тұрақта тұрған жүк көлігіне соғылып, салдарынан өзбекстандық үш азамат мерт болды, деп хабарлады Жамбыл облысының ТЖД баспасөз қызметінен.

143 0

Жамбыл облысының бойындағы күре жолда шағын автобус тұрақта тұрған жүк көлігіне соғылып, салдарынан өзбекстандық үш азамат мерт болды, деп хабарлады Жамбыл облысының ТЖД баспасөз қызметінен.

«13 тамыз күні шамамен сағат 23:50-де Байзақ ауданында республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент» жолының 464-шақырымында «Ford-Transit» жолаушылар тасымалдайтын шағын автобустың жүргізушісі көлік тізгін басқара алмай, жол жиегінде тұрған «ГАЗ-53» жүк көлігіне соғылған, - деп жазылған ведомствоның хабарламасында. - Жүк көлігінің рөлінде Тұрар Рысқұлов ауданының 27 жастағы тұрғыны отырған».

Оқиға орнында «Ford-Transit» шағын автобусының үш жолаушысы мерт болды - біреуі 49 жаста, қалған екеуі 67 жаста. Олардың үшеуі де Өзбекстан Республикасының азаматтары.

Басқа жолаушылардың алтауы - 18,10 және 9 жастағы (Павлодар облысының тұрғындары), 20 жаста (Өзбекстан Республикасының азаматы), 49 жаста (ОҚО тұрғыны), сонымен қатар, 49 жастағы «Ford-Transit» шғын автобуысының жүргізушісі (Өзбекстан Республикасының азаматы) түрлі дене жарақаттарымен Байзақ аудандық және Тараз қаласының ауруханаларына жеткізілді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!