ОҚО-да қарумен және есірткімен қылмыстық топтың екі мүшесі құрықталды

Фотография - ОҚО-да қарумен және есірткімен қылмыстық топтың екі мүшесі құрықталды

Оларды тінту кезінде 12 калибрлі оқ-дәрісімен бірге 2 шолақ мылтық, «Ф-1» гранатасы және 200 грамнан аса гашиш тәркілеп алынды

114 0

Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қарумен және есірткімен Шымкент қаласында 22 жастағы қылмыстық топтың екі мүшесін құрықтады деп мәлімдеді сәрсенбіде брифингте ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.


«Оларды тінту кезінде 12 калибрлі оқ-дәрісімен бірге 2 шолақ мылтық, «Ф-1» гранатасы және 200 грамнан аса гашиш тәркілеп алынды»,-деді Ораз.


Оның мәліметінше, күдіктілер қамауға алынып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.   


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!