Алматы облысында барымташы қолға түсті

Фотография - Алматы облысында барымташы қолға түсті

Алматы облысында мал ұрлауды кәсіп еткен барымташы ұсталды. Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті

206 0

Алматы облысында мал ұрлауды кәсіп еткен барымташы ұсталды. Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Алматы облыстық ішкі істер департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше рет жылқы ұрлағандығы әшкере болған 43 жастағы Сарқанд ауданының тұрғынын қолға түсірді. Анықталғандай, ол 2007 жылдан бері қарай мал барымтасымен айналысып келген», - деді Н. Ораз.

Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, қазіргі таңға дейін оның 14 мал ұрлау фактісіне қатысы бар екендігі дәлелденіп отыр. Аталған азамат Ақсу ауданының өзінде 11 рет мал ұрлығын жүзеге асырған. Тіпті барымталанған бірнеше жылқы тәркіленіп алынды.

«Қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары барысында оның өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілетін болады», - деді ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!