Ақтөбе облысында екі жол апатынан 3 адам қаза болды

Фотография - Ақтөбе облысында екі жол апатынан 3 адам қаза болды

Кеше Ақтөбе облысында соңы өлімге әкеліп соққан екі жол апаты болды. Үш адам қаза болды

173 0

Кеше Ақтөбе облысында соңы өлімге әкеліп соққан екі жол апаты болды. Үш адам қаза болды.

«Самара-Шымкент» күре жолының бойында 26 жастағы «Хюндай Соната» көлігінің жүргізушісі қаза болды. Қостанай облысының тұрғыны Ырғыз ауылынан Ақтөбеге қарай бет алған. Көлік тізгініне ие бола алмаған ол жол жиегіне аударылып кеткен, алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды.

18 жастағы жолаушы жабық бас-сүйегінің жарақатымен Ырғыз аудандық ауруханасына жеткізілді.

13 тамыз күні түнде «Бадамша-Қарабұтақ» жолындағы жол апатынан екі адам көз жұмды.

«Ваз 2106» маркалы көлігінің 34 жастағы жүргізушісі жылдамдықты асырып, рөлді басқара алмай, машина жол жиегіне аударылған. Жүргізуші бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған.

Апат салдарынан 39 жастағы жолаушы оқиға орнында жан тапсырып, жүргізуші ауруханада есін жимаған күйі көз жұмды.

26 жастағы жолаушы Қарғалы аудандық уруханасына түрлі дене жарақаттары және сынықтарымен жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды - деп хабарлады ҚазАқпарат


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!