Түркістанда өзбек жұмысшысы өз отандастарын балталап тастады

Фотография - Түркістанда өзбек жұмысшысы өз отандастарын балталап тастады

Түркістан ҚІІБ-ның полиция қызметкерлері екі адамды өлтірді деген күдікпен Өзбекстан азаматын құрықтады, деп хабарлайды ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

214 0

Түркістан ҚІІБ-ның полиция қызметкерлері екі адамды өлтірді деген күдікпен Өзбекстан азаматын құрықтады, деп хабарлайды ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

«2013 жылдың 26 шілдесінде Түркістан ҚІІБ-ның кезекші бөліміне жергілікті түрғын үйдің ауласында күштеп өлтірілген адамдардың мәйіті жатқаны туралы хабарлаған. Оқиға болған жерге жеткен жедел-тергеу тобының мәліметінше, жаңадан салынып жатқан үйдің ауласындағы тапшаннан бас сүйегі тұсынан ауыр жарақат алған 1994 және 1989 жылы туған Өзбекстан Республикасы азаматтарының мәйіттері табылған. Басынан ауыр жараланған 1990 жылы туған тағы бір Өзбекстан азаматы Түркістан қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген», - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері көршілері мен 30 жастағы үй иесінен жауап алу барысында ер азамат құрылыс салу үшін 4 жұмысшыны жалдағаны анықталған, олар өзара жиі ерігіскен көрінеді. Бірнеше күннен кейін үй иесі екі жұмысшының өлі денесін көріп, үшінші жәбірленушіден қылмысты жанындағы серіктестері жасап, белгісіз бағытқа бой тасалағанын білгеннен кейін полиция қызметкерлері мен жедел жәрдемді шақырған.

Бір тәулік ішінде Түркістан ҚІІБ полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдікті ретінде Өзбекстан Республикасының 1978 жылы туған азамат құрықталды, ол өзінің жасаған қылмысын толығымен мойындаған.

Күдіктінің айтуы бойынша, жанындағы таныстары оны жиі соққыға жыққан, тамағын бермеген, төрт адамның жұмысын бір өзі істеген. Мұндай зәбірге шыдамаған сезікті түнде ұйықтап жатқан үш жәбірленушінің басынан кетпенмен, артынша үстін-үсті балтамен ұрған. Ауыр жарақаттың салдарынан екі азамат оқиға болған жерде қайтыс болып, үшіншісі жансақтау бөліміне түседі. Күдікті оқиға болған жерде құрықталды.

Айғақ зат ретінде ағашсапты балта, кетпен және басқа да заттар алынған.

Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 96 бабы «Екі және одан да көп адам өлтіру» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

ОҚО-ның полиция қызметкерлері күдіктінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын не тартылмағанын анықтау мақсатында Өзбекстан әріптестеріне сұраныс жолдады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!