Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен 2 шолақ мылтық, «Ф-1» гранатасы және 200 граммнан аса гашиш тәркіленді

Фотография - Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен 2 шолақ мылтық, «Ф-1» гранатасы және 200 граммнан аса гашиш тәркіленді

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен 2 шолақ мылтық, «Ф-1» гранатасы және 200 граммнан аса гашиш тәркіленді

217 0

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен 2 шолақ мылтық, «Ф-1» гранатасы және 200 граммнан аса гашиш тәркіленді. ІІМ Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкент қаласында қылмыстық топтың 22 жастағы екі мүшесін ұстады. Оларды тінту кезінде оқ-дәрісімен бірге 12 калибрлі 2 шолақ мылтық, «Ф-1» гранатасы және 200 граммнан аса гашиш тәркілеп алды», - деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, ұсталғандардың екеуі де Кентау қаласының тұрғындары. Күдіктілер қамауға алынып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды - деп хабарлады ҚазАқпарат


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!