Ақтауда заңсыз ойын залының қызметі әшкере болды

Фотография - Ақтауда заңсыз ойын залының қызметі әшкере болды

Ақтау қаласындағы әмбебап дүкеннің ғимаратында 24 жастағы қала тұрғынының заңсыз ойын-сауық кәсіпкерлігін ұйымдастырғаны әшкереленді

121 0

Ақтау қаласындағы әмбебап дүкеннің ғимаратында 24 жастағы қала тұрғынының заңсыз ойын-сауық кәсіпкерлігін ұйымдастырғаны әшкереленді. Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«3 ойын залы анықталды, оның екеуі ВИП-тұлғаларға арналған. Сондай-ақ, 6 ойын үстелі және фишкалар тәркіленіп алынды», - деді ол.

Н.Ораздың айтуынша, заңсыз орталықтың 10 қызметкерімен қоса, 19 ойыншы ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті әйел адамға қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды - деп хабарлады ҚазАқпарат


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!