Алаяқ интернет арқылы Қостанай тұрғынының ақшасын алдап алып қойған

Фотография - Алаяқ интернет арқылы Қостанай тұрғынының ақшасын алдап алып қойған

Қостанай тұрғыны алаяққа сеніп, автокөлік қозғалтқышын сатып алу үшін интернет арқылы тапсырыс беріп,  65 000 теңге аударған

155 0

Қостанай тұрғыны алаяққа сеніп, автокөлік қозғалтқышын сатып алу үшін интернет арқылы тапсырыс беріп,  65 000 теңге аударған деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.


«Тамыз айының басында 39 жасар Қостанай тұрғыны автокөлік қозғалтқышын сатып алу үшін интернет арқылы тапсырыс берген. Сатып алу үшін ол банк арқылы Алматы қаласына 65 000 теңге аударған », - деп көрсетілген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, біраз уақытқа дейін сатушы сатып алушыны тапсырыс берген тауарын жақын арада алады деп алдап келген, кейін мүлде телефонға жауап бермей қойған. 10 күннен кейін алданған азамат полицияға жолығуға бел буыпты.


«Қазіргі уатыққа аталған оқиғаға қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің аты-жөнін анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде»,-деп атап көрсетеді ведомстводан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!