Петропавлда лифт өртеніп, 9 қабатты үйден 110 адам көшірілді

Фотография - Петропавлда лифт өртеніп, 9 қабатты үйден 110 адам көшірілді

Петропавлда 9 қабатты үйдің лифті өртеніп, 110 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның ішінде 8 бала бар.

193 0

Петропавлда 9 қабатты үйдің лифті өртеніп, 110 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның ішінде 8 бала бар.

«Бүгін сағат 00:14-те облыс орталығындағы 9 қабатты тұрғын үйдің лифт шахтасынан өрт шықты. Жалын лифт кабинасын жарамсыз етіп, 1-ден 6 қабатқа дейінгі лифт шахтасын зақымдады. Өрт сағат 01:10-да ауыздықталып, 02:06-да сөндірілді. Өртті сөндіруге СҚО ТЖД ПЧ-1, СПЧ-3, ПЧ-5 ГУ «СПиАСР» жұмылдырылды», - деп хабарлады департамент қызметкері Наталья Попова.

Өрт орнынан 110 адам көшірілді, оның 8-і бала, 15 адам құтқарылды, оның ішінде 2 бала бар. Өрт аумағы 18 шақырымды құрады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

BNews.kz сайтынан


Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!