Шымкенттің қақ ортасынан казино табылды

Фотография - Шымкенттің қақ ортасынан казино табылды

Қаланың қақ ортасында заңсыз жұмыс жасап келген ойынхана анықталды

166 0

Қаланың қақ ортасында заңсыз жұмыс жасап келген ойынхана анықталды. Құмар ойынның ордасын облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері арнайы рейд жүргізу барысында әшкерелеген.

Қала аумағындағы ойынханаларға заңда тыйым салынғанына қарамастан, бұл нысанның Шымкентте шаруасын шалқытып келгеніне бірнеше жыл болған.

Шәмші Қалдаяқов көшесінің бойындағы ойынхананың жұмысы жолға қойылғанына біраз уақыт болған. Тәртіп сақшылары осында кіргенде құмар ойынға қызыққандар қатары қалың еді. Көлеңкелі кәсіптен келетін табыс та толағай деседі. Бірақ, тексеру кезінде кассадан аса мол ақша табылмады - деп хабарлады  baq.kz

Түннің жарымында осы ғимаратта болғандардың барлығынан түсініктеме алынды. Өзін алғашында полицейлерге «ойыншымын» деп таныстырған азамат ойынхананың күзетшісі болып шықты.

Енді бұл құмархананың мәселесін қаржы полициясы майшаммен қарайды. Анықталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар анықталып жатыр. Айта кету керек, ойынханаға ғимаратты жалға берген адам да жауапқа тартылады.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!