Банктегі жеке шоттан ақша ұрлағандар қолға түсті

Фотография - Банктегі жеке шоттан ақша ұрлағандар қолға түсті

 Өскеменде ақша ұрлаған алаяқтар ұсталды. Олар банктегі жеке шоттан 44 мың АҚШ долларын қолды еткен

146 0

 Өскеменде ақша ұрлаған алаяқтар ұсталды. Олар банктегі жеке шоттан 44 мың АҚШ долларын қолды еткен.


Өскемен қаласының тұрғыны пәтерін сатып, ақшасын депозитке салуды ұйғарады. Кейін тағы бірнеше рет есепшотына ақша салады. Жиналған қаражатты білмекке банкке келгенінде, оның есебінде ақша жоқ екені анықталады.


Қала тұрғыны дереу полицияға хабарласқан. Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, осы қылмысқа қатысы бар 22 және 23 жастағы азаматтар қолға түсті.


Ұсталғандардың бірі банктің қызметкері болып шықты. Ол азаматтардың банктегі шоттарын көшіріп, ақша шешіп отырған. Оңай олжаға кенелмек болғандар қазір қамауда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!