Көкшетау мешітінің қасында дәрет сындырған прокуратура қызметкері жұмысынан қуылды

Фотография - Көкшетау мешітінің қасында дәрет сындырған прокуратура қызметкері жұмысынан қуылды

 Бұл туралы облыстық прокуратура баспасөз қызметі хабарлады.

181 0

Ақмола облысы прокуратурасының қызметкері А.Әкімов мас күйінде қалалық мешіттің ауласында дәрет сындырғаны үшін қызметтік тексеріс қорытындысынан кейін жұмысынан қуылды. Бұл туралы облыстық прокуратура баспасөз қызметі хабарлады.

«Прокуратура қызметкері А.Әкімовтің қызметтік этиканы бұзу оқиғасы бойынша Ақмола облысының прокуратурасы қызметтік тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Оған А.Әкімовтің Көкшетау қаласында 2013 жылы 19 шілдеде сағат 00:10 шамасында мас күйінде Д.Мұхаметжановтың көлігін соғуы себеп болған», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Тәртіп комиссиясының шешімімен ҚР Прокуратурасы органдары мен мекемелерінің Ар-намыс кодексін бұзғаны үшін және прокуратура органдары қызметкерінің беделін түсіргені үшін А.Әкімовті қызметінен босату және тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды.

«Облыс прокурорының бұйрығымен прокуратура органдарының атына кір келтіретін әрекет жасағаны үшін кіші әділет кеңесшісі А.Әкімов қызметінен босатылып, Ақмола облысы прокуратура органарынан қуылды», - деп нақтылады прокуратурадан.

Естеріңізге сала кетейік, облпрокуратура қызметкері «тарауық-намаз» кезінде мешітке мас күйінде келіп, дәл мешіттің ауласында дәрет сындырған. Содан кейін ішкен күйі көлігіне мініп кетпек болған ол қасында жолын бөгеп тұрған автокөлікті соғады. Бұл шулы оқиға мешіттің сыртында орнатылған беңнекамераға жазылып қалған. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!